AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Болашақ – жасыл энергетикада 

Болашақ – жасыл энергетикада 

АЭС: Референдум 08.09.2024, 10:15 1,642
Болашақ – жасыл энергетикада 
almaty-akshamy.kz


Respublica партиясы АЭС құрылысы бойынша референдум қарсаңында азаматтардың пікірін еркін және ашық білдіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ барлық қазақстандықтардың көзқарастарын адал және объективті түрде ескеру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Партия бұл туралы арнайы мәлімдеме жасады.

«Индустрияландыру мен технологиялық прогресске ұмтылу барысында адамзат дәстүрлі энергия көздерін – мұнай, көмір және газды пайдаланудың климаттық өзгерістерге және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелгенін байқамай қалды. Қазақстанның бұл ресурстарға бай екеніне қарамастан, оларды әрі қарай пайдалану жеріміз үшін ауыр салдарға соқтыруы мүмкін», – делінген партия мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, энергия тапшылығы артып келе жатқан жағдайда елге сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет екені атап өтілді.

«Атом энергетикасы біздің экономикамыздың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, біз тез өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін атом энергетикасын дамытуға назар аударуымыз керек. Дегенмен, прогресс жолында тарихи қорқыныштарға негізделген атомофобия тұр. Бүгінгі заманауи технологиялар атом энергетикасының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл қорқыныштарды жеңіп, ертеңгі күнге сеніммен қарау маңызды. Болашақ – жасыл энергетикада, соның ішінде атом энергетикасында», – деп мәлімдеді партия өкілдері.

Партия штабының отырысында АЭС құрылысының негізгі аспектілері, соның ішінде ғылымды дамыту және жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

«Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылыми зерттеулерді ынталандырып, қосымша инвестиция тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту салық түсімдерінің артуына және инфрақұрылымның жақсаруына әкеліп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді», – деп атап өтті партия өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Атом энергетикасы #Respublica партиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);