AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан «Странджа» турнирі: Қамшыбек Қоңқабаев қар...

Бокстан «Странджа» турнирі: Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа жіберді

Спорт 22.02.2023, 15:30 1,462
Бокстан «Странджа» турнирі: Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын нокаутқа жіберді
Сурет: Ашық дереккөз

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев 1/4 финалға жолдама алды


Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ол 92 келіден жоғары салмақта 1/8 финалда нидерландиялық Стэн Бертенспен қолғап түйістірді. Нәтижесінде екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.


Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев 1/4 финалға жолдама алды.


Қазақстандық спортшы бұған дейін 2020 жылғы жазғы Олимпиадада қола жүлде алса, екі мәрте әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанған. Ал Азия чемпионатында төрт мәрте екінші орын алған болатын.


Айта кетсек, бүгін күндізгі сессияда ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) өзбекстандық Мужибилло Турсуновқа есе жіберді.


Бүгін Ерасыл Таңқай (60 келі) филиппиндік Пол Джулайфер Баскон, Нұрқанат Райыс (75 келі) австралиялық Доминик Молинаромен шаршы алаңға шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #«Странджа» турнирі #Қоңқабаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);