AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Boeing-747-нің дәурені өтті

Boeing-747-нің дәурені өтті

Әлем 02.02.2023, 09:29 1,307
Boeing-747-нің дәурені өтті
Сурет: Kapital.kz




Әуе компаниясы 31 қаңтар күні Вашингтон штатының Эверетте зауытында соңғы «Боинг-747»-ні клиентіне тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Боинг-747»қалай болғанда да әлемдегі ең танымал ұшақтардың қатарында. Ұшақтың дәурені 54 жыл бойы дүрілдеп тұрды, ол әуе кеңістігінде 1970 жылдан бері танымал. 


Бір кездері төрт қозғалтқышты лайнер төңкеріс жасап, тиімділікті арттырып, әуе қатынасын қолжетімді етті. Оның алдындағы Boeing-707 189 жолаушы тасымалдаса, 747  модель бірден 550 орынға сертификатталды, кейінірек олардың саны 660-қа дейін өсті. Оларды өндіру үшін компания Вашингтон штатында жеке зауыт салуға мәжбүр болды.



Бүгінгі таңда әлемде осы үлгідегі 44 жолаушылар лайнері қолданыста. Жалпы «Боинг-747» осы кезге дейін 3,5 миллиард жолаушыны тасымалдаған. 




Ұшақ өндірісінің тоқтау себебі, жарты ғасырда техникалық прогресс дамып кетті. Қазір әлемде сыйымдылығы жағынан төрт қозғалтқышты ұшақтарды қуып жеткен, ал тиімділігі жағынан олардан бас-аяғы асып түсетін қос моторлы ұшақтар көп. Бір қызығы, 747-нің негізгі бәсекелесі, еуропалық төрт қозғалтқышты A380 лайнері небәрі 16 жыл бұрын жасалғанына қарамастан, ол да дәл сол себепті енді шығарылмайды.


Boeing қатарындағы жаңа «флагман» 2020 жылы алғашқы рейсін жасаған екі қозғалтқышты кең фюзеляжды 777X лайнері болады.


Дегенмен, Boeing-ты жасап шығарушылар қазіргі қолданыстағы ұшақтарының өзі ұзақ уақыт ұшатынына және жекелеген экземплярлары осы үлгінің 100 жылдық мерейтойына дейін жарайтынына сенімді. 










Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боинг #ұшақ #өндіріс тоқтады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);