ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бөдене жұмыртқасына сұраныс артып келеді

Бөдене жұмыртқасына сұраныс артып келеді

Әлеумет 18.08.2023, 04:54 1,521
Бөдене жұмыртқасына сұраныс артып келеді
Сурет: ашық дереккөз
Елімізде бөдене жұмыртқасына сұраныс артып келеді. Нутрициолог мамандар оның еті де, жұмыртқасы да дәруменге толы дейді. Сондықтан қан аздық, қатерлі ісік, асқазан ауруларына шалдыққан азаматтар...

Елімізде бөдене жұмыртқасына сұраныс артып келеді. Нутрициолог мамандар оның еті де, жұмыртқасы да дәруменге толы дейді. Сондықтан қан аздық, қатерлі ісік, асқазан ауруларына шалдыққан азаматтар бұл өнімге жиі тапсырыс бере бастаған.



Ерекше кәсіпті игеруге бет бұрған азаматтар да мұны растап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.




Жаңабек Есбергенов 8 жылдан бері бөдене асырайды. Оның жұмыртқасы мен етін Елорданың сауда дүкендеріне сатып, табыс тауып отыр. Келешекте бөдене фермасын ашуға ниетті. Кәсіпкер бүгінде құстарының санын 5 мыңға жеткізген.




«Бұл кәсіпті екі жүз жұмыртқадан бастадық. Балапан шығарып, көбейтіп, қазіргі таңда бір шығарған кезде 2000-3000 балапан шығарамыз. Бұл құстың артықшылықтары көп. Тұмаумен ауырмайды. Бит жұқпайды. Сальмонелла ауруымен ауырмайды. Өйткені дене қызуы 42 градус», -дейді кәсіпкер Жаңабек Есбергенов.



Өнімнің дәмі қышқыл болғанмен, пайдасы көп. Оған кейіпкеріміздің асқазан жарасынан бөдененің шикі жұмыртқасын ішіп, емделгені дәлел. Аз уақытта аурудан айыққан Жаңабек Есбергенов қазір өзгелерге де кеңес беріп жүр.



«Төсекте тұра алмай бұратылып жататынмын. Сол уақытта асқазанға пайдалы екенін білдім де, ішіп бастадым. Күніне аш қарынға 5-6 жұмыртқадан, 10-15 күннен кейін асқазаным қойды. 7-8 жыл өтті. Әлі денсаулық сыр берген емес», -дейді кәсіпкер Жаңабек Есбергенов.

Мамандар бұл өнімді тұтыну арқылы қатерлі ісік пен қаназдық, гинекологиялық аурулардан айығуға болатынын айтады. Бастысы аш қарынға ішу керек, алкогольдік сусындарды араластырмау қажет екен.


«Онкология, «A» дәруменін жетіспеушілігі, темірдің жетіспеушілігі, магнийдің жетіспеушілігі, кальцийдің жетіспеушілігі болса, бөдене жұмыртқасы пайдалы. Жай ғана профилактика үшін 1 дана, ал емдік мақсатта болса, 2-3 данадан жесеңіз болады», -дейді нутрициолог маман Гүлбану Таймаханова.

Бөдене әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Қазір өнімнің нарықтағы құны 50 теңгеден кем емес. Ал етінің келісі 5 мыңнан асады. Бағасы қымбат болғанмен, оған деген сұраныс жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.