AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден са...

БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады

Әлеумет 22.12.2024, 16:36 948
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Сурет: Gov.kz

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен хабарландыру платформаларында зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді ұсынатын жарнамалар саны көбейіп кетті. Бұл жарнамаларда азаматтарға зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асқан жағдайда төмен пайызбен рәсімдеп беруге уәде етілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Осыған байланысты, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) Қазақстан азаматтарын мұндай күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады. БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтарын пайдалану ҚР Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Олар:

  • Зейнет жасына толу;
  • 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік;
  • Шетелге тұрақты тұруға кету;
  • Мұрагерлік құқық арқылы.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдалану тек арнайы уәкілетті операторлар арқылы, яғни екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады. Бұл қызметтерге ешқандай делдалдық қажет емес, ал БЖЗҚ бұл процестер үшін қосымша ақы алмайтынын хабарлайды.

БЖЗҚ азаматтарды ешбір делдалдарға ақша төлемей, заңды және ресми жолмен өз зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесін шешуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БЖЗҚ #Сақтық #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);