ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Бизнес жасау мақсатында кредит алуға бола ма?

Бизнес жасау мақсатында кредит алуға бола ма?

Керек кеңес 16.11.2024, 11:40 930
Бизнес жасау мақсатында кредит алуға бола ма?
Сурет: Ernur.kz
Шариғатымызда өсімге (кредит) тыйым салынған.

Шариғатымызда өсімге (кредит) тыйым салынған. 

Ол үстеме ақшамен беру болғандықтан, кесімді түрде арам болады. Оның арам екені Алланың кітабында, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде де баяндалған әрі барлық ғалымдар бірауыздан оның арам екеніне келіскен.

Құранда: «Алла Тағала сауда-саттықты адал, ал өсімді арам етті», – деді. Жәбирден (оған Алла  разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өсім жеушіні, жегізушіні, келісімді жазушыны, оған куәгер болғандарды лағынеттеді және «Олардың бәрі күнәда бірдей деді», – деген. Сондықтан мұсылман адам ешқандай зәрулік болмаса пайызға жоламауы, білместікпен алып қойған жағдайда Аллаға шынайы тәубе етуі керек.

Ризық – Алладан. Адам өзінің ризығын іздегеніндей, ризығы да өз иесін іздейді. Ол қай жерде болмасын, оны ажалы іздеп тапқанындай, ризық оны іздеп табады. Жәбир ибн Абдулладан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа, Адамдар! Ризықтарыңды талап етуде көркемдік танытыңдар. Өйткені адам оны толық алмай, бұл дүниеден өтпейді. Алладан қорқып, оны талап етуде дұрыс жол іздеңдер. Адал болғанын алып, арам болғанын тастаңдар», – деді.

Қорыта айтқанда, Құранда, хадисте айтылғандай, кредит алу күнәлі іске жатады. Адам дүниеге келмей жатып анасының ішінде болғанда оның ризықнесібесі жазылады. Сондықтан тағдырына жазылған ризықты іздеуде мұсылман адам шариғатқа сай адал жолды іздеуі керек.

(«Иман» журналы, №7, 2024 жыл)

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.