Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Біздің қала – біздің көшелер»

«Біздің қала – біздің көшелер»

Әлеумет 15.04.2024, 10:16 962
«Біздің қала – біздің көшелер»
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанының бірінші аптасының қорытындысы шығарылды


Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын іске асыру жалғасуда. «Біздің қала – біздің көшелер» науқанының бірінші кезеңі аясында қалалық қызметтер мен аудан әкімдіктері мегаполистің көше инфрақұрылымын ретке келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.



  • Бірінші аптада 1250 аялдама павильондарын жуу, 59 жерасты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалау және сырлау, 165 бағдаршам нысандарын жуу және сырлау, 1690 жол белгілерін сырлау жұмыстары іске асты.

  • Қалада 5 570-тен астам урна, 2 740 орындық, жүздеген жарықтандыру бағаналары, көрсеткіштер боялған және жуылған, ҚТҚ жинауға арналған 350 алаңды жуу және дезинфекциялау жүргізілген, көпір қоршаулары боялды, ақаулы төсеніштері бар учаскелер жөнделді, жаңбыр қабылдағыштар және тағы басқалар қалпына келтірілді.


Бұдан басқа, 17 000 м2 асфальтбетон жабыны бар алаңда, оның ішінде Райымбек, Сәтбаев, Бұқар жырау, Тимирязев, Рысқұлов, Момышұлы, Алтынсарин, Майлин, Талғар трактісі, Гагарин, Жароков, Мұстафин және басқалардың магистральдық көшелерінде жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл ретте жоғарыда аталған барлық жұмыстар науқан бойы жалғасатын болады.



Айта кетерлігі, бүгіннен бастап аула аумақтарын жөндеуге, көгалдандыруға және қала тұрғындарының қатысуымен өтетін түрлі іс-шараларға арналған науқанның екінші кезеңі басталады. «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» апталығы аясында (15-21 сәуір) аулалар мен үйлері алдындағы жерлерді көгалдандырғысы келетіндерге көшет материалдары ал, жеке үйлердің қоршауларын сырлағысы келетіндерге бояулар беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық және экологиялық іс – шаралар басталады – «Экомарафон» плоггингі, «Таза ойындар» акциялары, «Үздік аула», «Үздік үй алдындағы бау-бақ» конкурстары және тағы басқалар жоспарланған. 27 сәуірде жалпықалалық сенбілік жоспарланған.



«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер, афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.


Әлеуметтік желілердегі науқанның белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.