AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Біздің жүрегімізді қандай жаман әдеттер "өлтіреді"...

Біздің жүрегімізді қандай жаман әдеттер "өлтіреді"?

Медицина 24.04.2024, 16:45 1,616
Біздің жүрегімізді қандай жаман әдеттер "өлтіреді"?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазір әлемде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімнің негізгі себебінің біріне айналды. Оның көпшілігі біз жиі түсінбейтін не елемейтін жаман әдеттермен байланысты. Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиологы Ақнұр Арыстанова біздің жүрегімізді қандай әдеттермен "өлтіруге" болатынын және олардан қалай арылуға болатынын айтып берді.


Ең алдымен, маманның баса айтқаны, бұл темекі шегу. Бұл темекі шегу - жүрекке әсер ететін ең қауіпті әдеттің бірі. 



"Никотин және темекідегі басқа заттар атеросклероз және миокард инфарктісі сияқты жүрек ауруларының даму қаупін арттырады. Сондықтан темекі шегуден бас тарту - жүрегіңізді қорғаудың ең жақсы тәсілінің бірі", - дейді Ақнұр Арыстанова.



Одан кейін - дұрыс тамақтанбау. Майларды, қантты, тұзды және өңделген тағамды шамадан тыс тұтыну семіздікке, қысымның жоғарылауына және жүрекке қауіп төндіретін басқа факторларға әкелуі мүмкін. Жүрек денсаулығын сақтау үшін жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар және майсыз ақуыздарды көбірек тұтыну ұсынылады.


Үшіншіден, бұл жүріс-тұрысы аз өмір салты. Физикалық белсенділіктің болмауы жүрек-қан тамырлары ауруларының даму ықтималдығын арттырады.


Алкогольді шамадан тыс тұтыну жүрек денсаулығына да кері әсер етеді. Алкогольді көп мөлшерде ішу қан қысымын, холестеринді жоғарылатып, аритмия мен басқа да жүрек проблемаларының даму қаупін арттыруы мүмкін.


Стресс пен тұрақты шиеленіс жүрекке теріс әсер етеді, бұл қысымның жоғарылауына, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына және басқа мәселелерге әкеледі.


Жалпы, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, жүректің денсаулығын сақтау үшін жаман әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану қажет. Тұрақты медициналық тексерулер, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және темекі шегуден бас тарту жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға және көп жыл бойы денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүрек #қан тамырлары #ауру #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);