ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Биылғы оқу жылына қанша грант бөлінді?

Биылғы оқу жылына қанша грант бөлінді?

Білім және ғылым 22.05.2023, 10:03 1,512
Биылғы оқу жылына қанша грант бөлінді?
Сурет: Ken-zhyloi.kz
Биыл 88 мың оқу гранты беріледі.

Биыл 88 мың оқу гранты беріледі. 


Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.



«Жалпы, ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш тапсырды. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасын орындауды жалғастырамыз. Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінді. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді», - деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, «Серпін» бағдарламасы аясында жұмыс арқылы өтеу мерзімі биыл қысқарды. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрап отыр. Сондай-ақ, грантты жұмыс арқылы өтеу оқыған аймақта ғана емес, бағдарлама аясында қамтылған басқа аймақтарға да баруға болады.



«Білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. Яғни, 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», - деді вице-министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.