ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Биылғы жылдың екі айында 286 есірткі қылмысы ашылд...

Биылғы жылдың екі айында 286 есірткі қылмысы ашылды

Заң мен тəртіп 19.03.2022, 04:31 1,056
Биылғы жылдың екі айында 286 есірткі қылмысы ашылды
Сурет: Polisia.kz
Есірткіге қарсы заңнаманы жетілдіру сәтінен бастап полиция қызметкерлері 35 зертхананы жойдыӘлемде дәстүрлі есірткілерді – героин мен марихуананы синтетикалық есірткілермен алмастыру жиі байқалып...

Есірткіге қарсы заңнаманы жетілдіру сәтінен бастап полиция қызметкерлері 35 зертхананы жойды

Әлемде дәстүрлі есірткілерді – героин мен марихуананы синтетикалық есірткілермен алмастыру жиі байқалып келеді. Бұл жаһандық есірткі ахуалының заманауи тренді, ең алдымен, оларды дайындаудың және қолдану қарапайымдылығымен байланысты.


Алғашқы кезде Қазақстандағы мұндай есірткі толығымен шетелде өндірілген және біздің елге контрабандалық жолмен немесе пошталық және логистикалық көлік арналары арқылы әкелінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisiakz-ке сілтеме жасап. 


Кейде “синтетика” – конструкторлар, яғни заңды түрде химиялық заттар ретінде әкелініп, олардан есірткінің аз дозалары сол жерде шығарылып отырды. Алайда қазір есірткінің “қара” нарығын талдау есірткі сатушылардың жасырын зертханалар жағдайында ел ішінде синтетикалық есірткі өндірісіне қайта бағдарланғанын айғақтайды.


Мұнда белгілі бір дәрежеде СОVID-19 таралуына байланысты қабылданған шектеулер әсер етті. Құқық қорғау органдары жағдайдың  осылай өрбуіне дайын болды. 2019-2020 жылдары заңнамалық бастамалар пакеті қабылданды: есірткінің жаңа түрлерін есепке қою жеңілдетілді, олардың айналымы үшін жауапкершілік күшейтілді.


Қылмыстық кодекске есірткіні интернет арқылы тарату, есірткіні насихаттау және жарнамалау сияқты қылмыстың жаңа түрлері енгізілді. Осы сәттен бастап ІІМ Есірткі заттарының тізімін үш рет толықтырды және барлығы 115 жаңа психобелсенді затты мемлекеттік бақылауға енгізді


Жергілікті есірткі бизнесінің “синтетика” өндірісіне қайта бағдарлануына байланысты, синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын заттар – прекурсорлардың айналымы үшін жауапкершілікті күшейту бойынша мардымды (пәрменді) шаралар қабылданды. Үкімет қаулысымен аса қауіпті заттардың (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары, синтетикалық каннабиноидтар) “криминалдық” мөлшері азайтылды және тиісінше оларды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.


Енді мұндай заттарды сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан басталады, егер олар білім беру ұйымдарында таратылатын болса, жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жетеді. Заңнамаға түзетулер қабылданған сәттен, 2019 жылдан бастап ішкі істер органдары  182 кг “синтетиканы” тәркілей отырып, 35 есірткі зертханасын жойды. Барлық жағдайларда химиялық прекурсорлар, реагенттер, зертханалық жабдықтар Қазақстанға логистикалық компаниялар, көрші елдердің пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізіліп отырған.


Сондықтан ІІМ күдікті жөнелтілімдерді анықтай отырып, көлік-логистикалық компаниялармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Өткен айда ІІМ үйлестіруімен елордалық және қарағандылық есірткі полицейлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын ұстады, олар “Family Village” коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде есірткі өндірісін жолға қойып, оларды қалада көтерме сатумен айналысқан. Сол кезде 1200 “Экстази”, 2 кг “Альфа-PVP” таблеткалары  және 140 литр прекурсорлар тәркіленді. Салмағы 1,2 кг болатын синтетика жасырылған екі жер әшкереленді. Тек осы факт бойынша шамамен төрт келі синтетикалық есірткі тәркіленді.


Ағымдағы жылдың екі айында полиция синтетиканың заңсыз айналымымен байланысты 286 есірткі қылмысын, оның ішінде синтетикалық есірткіні өткізудің 107 фактісін, аса ірі мөлшерде  есірткі сақтаудың 39 фактісін және синтетикалық есірткілерді жарнамалаудың алты фактісін анықтады. Жеті зертхананы жойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.