Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биылғы егіс маусымында қандай дақылдарға басымдық...

Биылғы егіс маусымында қандай дақылдарға басымдық беріледі?

Әлеумет 23.01.2023, 11:20 1,156
Биылғы егіс маусымында қандай дақылдарға басымдық беріледі?
Сурет: Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде биыл қант қызылшасының алқаптары ұлғайып, мақта алқабы қысқаратынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 2023 жылғы егіс алаңдарының болжамды алаңы 23,2 миллион гектарды құрады.


Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, көкөніс және бақша дақылдарының 10,2 мың гектарға артуы болжануда», - деді министр.



Оның айтуынша, биыл күріш пен мақтадан бөлек, бірнеше майлы дақылдың алқабында қысқарту жоспарланып отыр.



«Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, биыл мақта алаңын өткен жылмен салыстырғанда 13,8 мың гектарға азайту жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде ол 112,5 мың гектар болады.


Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,9 мың гектарға ұлғайған.


Осыған байланысты, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет. Майлы дақылдар бойынша да алаңды 191 мың гектарға азайту жоспарлануда. Бұл - мақсары зығыр және қыша сияқты дақылдар», - деді Ербол Қарашөкеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дақылдар #Қант қызылшасы #алқаптар #мақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.