AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биылдыққа «Күміс жас» жобасы аясында 15 мыңнан аст...

Биылдыққа «Күміс жас» жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Әлеумет 27.06.2024, 10:43 685 dulatbekova
Биылдыққа «Күміс жас» жобасы аясында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша «Күміс жас» жобасы бойынша 15,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 19 060 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны келесі облыстарда байқалады: Түркістан – 2,3 мың адам, Жамбыл – 1,5 мың адам, Қарағанды – 1,1 мың адам, Алматы – 1,1 мың адам. Жобаға қатысушылар арасында әйелдердің үлесі 54,8% немесе 8,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 9,3 мың адамды немесе 59,8% құрайды.

Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.

Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 136,2 мың теңгені құрады, ең жоғары көрсеткіштерді Шығыс Қазақстан (200,3 мың теңге), Қызылорда (180 мың теңге) облыстары мен Астана қаласы (177,7 мың теңге) көрсетсе, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысы (100 мың теңге) мен Алматы қаласына (98,8 мың теңгеден) тиесілі.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба аясында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Көптеген қазақстандықтар жоба туралы оң пікір білдіруде. Солардың бірі Роза Танжикова 57 жасында өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Роза ханым: «Өткен жылы жұмыс іздеп Өскемен қаласының Мансап орталығына жүгіндім. Орталық қызметкерлерінің көмегімен мен жұмыссыз адам ретінде тіркеліп, «Күміс жас» жобасы бойынша берілген жолдама арқылы «ЕР-ДЕНТ» ЖШС әңгімелесуден өттім. Мен қазір осы ұйымда тіс дәрігері болып жұмыс істеймін және өз жұмысыма өте ризамын», – деп бөлісті.

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 869 адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күміс жас #жоба #жұмысқа орналастыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);