ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биылдан бастап қазақстандық балалар ел аумағында с...

Биылдан бастап қазақстандық балалар ел аумағында саяхаттау үшін тегін ұша алады

Әлеумет 31.01.2022, 10:14 1,785
Биылдан бастап қазақстандық балалар ел аумағында саяхаттау үшін тегін ұша алады
Сурет: Qazaqtv.com
Көрікті жерлерді аралап, үздік 10 туристік аймаққа әуе байланысы арқылы тегін қатынау үшін отандық туроператорлардан жолдама сатып алу қажет. Яғни кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар ішкі...

Көрікті жерлерді аралап, үздік 10 туристік аймаққа әуе байланысы арқылы тегін қатынау үшін отандық туроператорлардан жолдама сатып алу қажет. Яғни кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар ішкі демалыстың үштен біріне дейін үнемдей алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Негізгі операторы ретінде «Kazakh Tourism» компаниясы бекітілген «Kids go free» бірегей бағдарламасының іске қосылуы және мүмкіндіктері жайында оның өкілі Ернұр Кенжебеков айтып берді.



«Бұл – біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынып отырған жоба. Жекелеген компаниялар болмаса, үкімет деңгейінде мұндай бағдарламаны әлі ешкім іске қосқан жоқ. «Kids go free» бағдарламасы қазақстандық отбасыларды ел ішінде демалуға ынталандырады. Яғни жанұя бюджетін 30% дейін үнемдеуге, сондай-ақ отандық туроператорлар үшін қарапайым отбасыларға қолжетімді пакеттік турларды көбірек сатуға мүмкіндік береді. Оның аясында 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін билеттің толық құны жыл бойы кез келген уақытта өтеледі», - «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілі Ернұр Кенжебеков.



Сала маманы 1 қаңтардан бастап күшіне енген туристік бағытты мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы құлағдар етті.



«Туристік нысандарды жаңадан салу немесе қолданыстағыны жаңғыртуға кеткен шығынның 10% өтеледі. Сондай-ақ қонақүйлер, кемпингтер, техникалық қадағалау, жанармай бекеттері, тамақтану орындары мен сауда нүктелерін тұрғызу сынды жол бойындағы қызмет түрлеріне жұмсалған қаржының да дәл сондай мөлшері толтырылатын болады. Туристік автобустар, тау шаңғысы базаларына арналған техниканы сатып алу құнының 25% мемлекет өз мойнына алады», - дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілі Ернұр Кенжебеков



Сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсатында Қазақстанға келген әрбір шетелдік саяхатшы үшін субсидиялар қарастырылған. Туроператорлар әр шетелдік қонаққа шамамен 15 мың теңге алады. Осылайша мемлекет ұсынып отырған жаңа қолдау шарасы қонақтардың елімізде кемінде 5 күн болуын көздейтін пакеттік сатылымдардың үлесін белсенді түрде арттыруға серпін бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.