AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады

Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады

Әлеумет 23.12.2024, 12:14 941 Bakyt
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Сурет: Ашық дереккөз

2024 жылы Қазақстанның су қоймалары рекордтық 75 миллиард текше метр су жинады. Оның ішінде 12 миллиард текше метр су тасқыны кезінде келген су, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Су ресурстары министрлігіне сілтеме жасап

Балқаш көліне биыл 15,4 миллиард текше метр су келіп түсті — бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиардқа көп. Оның шамамен бестен бірі су тасқыны кезінде жиналған. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда алғаш рет Қапшағай су қоймасы толық көлемде толтырылды.

Каспий теңізіне жыл басынан бері 17 миллиард текше метр су құйылса, Солтүстік Арал теңізіне 2,5 миллиард текше метр су жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 миллион текше метрге артық.

«Биыл су қоймаларын толықтыру барысында аграрийлер мен басқа да су пайдаланушылардың мүдделері ескерілді. Мәселен, шаруа қожалықтары суару кезеңінде шамамен 11 миллиард текше метр су алды», — деп түсіндірді Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов.

Қызылорда облысында су үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде 200 миллион текше метр су үнемделіп, ол Солтүстік Аралға бағытталды. Жалпы, аймақтағы көлдер жүйесіне 4,7 миллиард текше метр су келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда сәл артық.

Ұлытау облысынан Қызылорда өңіріне 839 миллион текше метр су жіберілді. Алғаш рет Сарысу өзені арқылы өткен бұл су көлемі жергілікті көлдер жүйесіне жетті.

Бұл жетістіктер су ресурстарын тиімді басқарудың және жаңа технологияларды пайдаланудың айқын мысалына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Нұржан Нұржігітов #су қоры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);