AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Биыл шетелдік 15 фильм қазақшаланады

Биыл шетелдік 15 фильм қазақшаланады

Мәдениет 06.08.2023, 08:40 1,368
Биыл шетелдік 15 фильм қазақшаланады
Сурет: Kaz.globalnews.kz

Қазақстан аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібі айқындалды.


Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, қазір қазақ тіліндегі киноконтетке сұраныс өте зор. Бұл ретте, Министрлік қазақ тіліне дубляжданатын шетелдік блокбастерлердің санын жыл сайын арттыратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақпарат тілшісіне берген жауабында министрлік 2023 жылы 15 фильмді дубляждау жоспарланғанын айтқан. 


Кейінгі 5 жыл ішінде «Меломан» компаниясы Disney және Sony pictures кинокомпанияларының 17 фильмін дубляждады. Соның ішінде, мемлекеттік қолдаудың арқасында «Аватар» (бірінші бөлім), «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» және «Аватар. Су жолы» фильмдері қазақ тіліне дубляжданды.



«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Заңына сәйкес, прокатұа шығуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы жəне көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер мемлекеттік тілде дубляж жасалуға немесе субтитрленуге, сондай-ақ кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс. Аталған Заңның 13 бабының 5-тармағы 2 тармақшасына сәйкес, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі бірыңғай операторы саналады», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.



Фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды. 2023 жылғы 10 наурызда Мәдениет және спорт министрінің «Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығы қабылданды. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібін айқындайды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі шамамен 14,5 пайызды құрады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#15 фильм #шетелдік кинолар #қазақшалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);