AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қырғызстан Қазақстанға 600 млн текше метрден...

Биыл Қырғызстан Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді

Әлеумет 28.04.2025, 11:34 739 dulatbekova
Биыл Қырғызстан Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді
Сурет: Gov.kz

Суару маусымы басталған сәуір айының өзінде-ақ 45 млн текше метр су берілді.

Сәуір айының соңынан бастап Қырғыз Республикасы Қазақстанға Талас өзені арқылы тағы 400 млн және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жібереді.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарын пайдалану жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының 35-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді.

Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сонымен қатар тараптар қоршаған ортаны қорғау және су сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмыс тобының қызметін талқылады.

Отырысқа сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі өкілдері қатысты. Комиссияның тең төрағалары – ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров және Қырғыз Республикасының Су ресурстары қызметінің директоры, министр орынбасары Нұрлан Жұмаев.

«Былтыр қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыстың арқасында Жамбыл облысының диқандарын суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Мысалы, Талас өзені арқылы Қазақстанға жоспарланған 380 млн текше метрдің орнына 418 млн текше метр су келді. Ал Шу өзені арқылы 165,3 млн текше метр су келді, бұл бір жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 29,7 миллионға артық»,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қырғызстан #Қазақстан #су жіберу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);