ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Биыл қазақстандықтар 15 миллиард теңгесінен айырыл...

Биыл қазақстандықтар 15 миллиард теңгесінен айырылған

Оқиға 14.11.2022, 06:38 1,082
Биыл қазақстандықтар 15 миллиард теңгесінен айырылған
Сурет: Gov.kz
Шығынның себепшісі - интернеттегі алаяқтар.

Шығынның себепшісі - интернеттегі алаяқтар.


Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, жыл басынан бері алаяқтар Қазақстан азаматтарын 15 миллиард теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ІІМ интернет алаяқтардан келген шығынның көлемін жариялады.



«Әсіресе, банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары атынан қоңырау шалатын алаяқтардың әрекеті үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Олар нөмірді ауыстыратын арнайы бағдарламаны қолданады. Сонда өзінің ұялы телефон нөмірі көрінбейді. Ондайда алаяқтар есепшоттағы күдікті операциялар немесе біреудің кредит рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Сосын арнайы операцияның басталғанына сендіріп, есепшоттағы немесе депозиттегі ақшасын «қауіпсіз сақтандыру есепшотына» аударуға көндіреді. Дәл сол шоттан ақша ұрланады», - деді Дүйсетаев.



Осылайша, кейбір адамдар көлігін, тіпті пәтерін сатып, барлық ақшасын «қауіпсіз есепшотына» салып қойған.


Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 17,5 мың қылмыс тіркелді. Соның басым бөлігі – онлайн сауда арқылы адамды алдау әрекеттері. Тауарға қызыққан клиенттен алдын ала төлем жіберуді сұрайды. Бірақ артынан тауар да, оны жеткізетін адам да ізім-ғайым жоғалады. Екінші орында банктер мен микроқаржы ұйымдарында заңсыз кредит рәсімдеу тұр. Алаяқтар көп жағдайда сан алуан ивестициялық жобалардан қыруар табыс табуға үндейді. Сосын барлық ақшаны үптеп кетеді. Сондай-ақ алаяқтар фишингтік сілтемені жіберіп, белгілі бір бағдарламаны жүктеуді сұрайды. Ол арқылы адамның онлайн банкингіне қосылады.


Айта кетері, Қылмыстық кодекс бойынша осы санаттағы қылмыстар үшін 4 000 АЕК (12 720 000 теңге) көлеміндегі айыппұлдан бастап төрт жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Ал адамдар тобымен және ірі мөлшерде жасалған әрекет үшін кінәлі адам 5-10 жылға бас бостандығынан айырылады. Мүлкі тәркіленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.