AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қазақстанда 9 елшілік «Франкофония көктемін»...

Биыл Қазақстанда 9 елшілік «Франкофония көктемін» ұйымдастырады

Әлеумет 02.03.2023, 04:32 1,027
Биыл Қазақстанда 9 елшілік «Франкофония көктемін» ұйымдастырады
Сурет: Elorda.info

Армения, Бельгия, Египет, Канада, Румыния, Франция, Швейцария елдерінің Қазақстандағы елшілері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Франкофония көктемі – 2023» мәдени іс-шаралар маусымын таныстырды.


Халықаралық франкофония күнінің мақсаты – француз тілін ұнататындарды біріктіру, француз мәдениетін насихаттау. Франция ұсынатын іс-шаралар туралы осы елдің Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.


Оның сөзінше, биыл Қазақстанда «Франкофония көктемін» 9 елшілік ұйымдастырады.



«Әлемде 320 миллионнан астам адам француз тілінде сөйлейді. Бұл өте көп. Француз тілі - 29 мемлекетте ресми тіл мәртебесіне ие, әлемдегі ең көп таралған бесінші тіл. Сонымен қатар француз тілі интернетте қолданылатын төртінші тіл және әлемде ең көп оқылатын екінші тіл болып саналады», – деді елші. 



Іс-шаралар Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Шымкент қалаларында өтеді.


Франция франкофонды кино апталығы аясында 9 фильм көрсетеді.


Сондай-ақ 7 наурызда Алматыда «Әйелдердің спорттағы орны» фильмі көрсетіледі, одан кейін әйелдер құқығын сақтау тақырыбында талқылау өтеді.


Елші 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарына 500 күн қалғанда Алматы қаласында мектеп оқушыларының қатысуымен эстафета ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.



«Биыл фестиваль бағдарламасына арт-резиденцияны қостық, оның аясында жас француз суретшісі үш ай бойы Алматыда болады. Резиденция аяқталғаннан кейін шығармашылық жұмыстар «Esentai» галереясында көпшілік назарына ұсынылады», – деді Дидье Канесс.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Франкофония көктемі» #француз мәдениеті #елшіліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);