AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Медеу ауданында 303 бейнебақылау камерасы орн...

Биыл Медеу ауданында 303 бейнебақылау камерасы орнатылады

Әлеумет 17.06.2022, 09:33 1,161
Биыл Медеу ауданында 303 бейнебақылау камерасы орнатылады
Яндекс Новости

Медеу ауданындағы өзекті мәселелердің бірі –  Кеңсай, Мұзтау және Каменское плато шағынаудандарында интернет пен ұялы байланыс желісі тұрақты жұмыс істемейді. Бұған жер бедері себеп болып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


2022 жылы сигналдың сапасын жақсарту үшін 3 тіректі орнатып, Кеңсай шағынауданында қосымша мобильді станцияларды қосу жоспарланған.



«2020-2021 жылдары Алатау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай шағынаудандарында байланыс және интернет желісін орнату жұмыстары жүргізілді», – деді әкім.



Мегаполистің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін 2022 жылы Горный Гигант, Көк-Төбе 1-2, Компот, Малая Станица, Шуақты шағынаудандарын жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жұмыстары жоспарланған.  



«Жолдарға және адамдар көп баратын жерлерге  бейнебақылау объектілерін орнату жобасының аясында осы жылдың соңына дейін Сергек аппараттық-өндіріктік кешенінің  саны 120-дан 214-ке дейін ұлғайтылады. Жылдың соңына дейін 303 бейнебақылау камерасы орнатылады. Аулаларға 185, жол қиылыстарына 80, парктерге 20, білім беру объектілеріне 16, сауда орталықтарына 2 бейнекамера орнатылады», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.



Бұл ретте Самал шағынауданына 103 камера, Думан шағынауданына 23, Алатау шағынауданына 18, Горный гигант шағынауданына 3,  Асқартау шағынауданы мен Кеңсай саяжай массивіне 2 камерадан орнатылады. Қалған 152 бейнекамера көшелердің бойына қойылады.  



«Кеңсай, Сұлусай және Думан шағынаудандарында электр желілерін модернизациялау бойынша жобаларды аяқтағанда, бейнекамералардың санын көбейтетін боламыз», – деді қала әкімі.



2020 жылы Медеу ауданы бойынша «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) компаниясы Медеу ауданының Кеңсай, «Мебельщик А/Т», Алатау шағын ауданы бойынша базалық станцияларды іске қосты.


Сондай-ақ, 2020 жылы «Kcell» АҚ компаниясы Медеу ауданының Алатау шағын ауданында жаңа 2 базалық станцияны іске қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #бейнебақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);