AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл мақта мен күріш азаяды

Биыл мақта мен күріш азаяды

Әлеумет 26.03.2024, 05:49 996
Биыл мақта мен күріш азаяды
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.


Мақта алқабын 16 мың гектарға, ал күріш алқабын 6,4 мың гектарға қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ауыл шаруашылығы министрі суды көп қажет ететін дақылдардың алаңын қысқарту шаралары жалғаса беретінін мәлімдеді.


Биыл мақта алқабын 16 мың гектарға, ал күріш алқабын 6,4 мың гектарға қысқарту жоспарланып отыр. Ал азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, 3,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланған.



"Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр", деді Сапаров.



Министрдің айтуынша, биыл жаппай егіс науқаны мамыр айының екінші онкүндігінде басталады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрап отыр. Соның ішінде бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген.



"Жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деп атап өтті министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мақта #су #дақыл #күріш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);