Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл кәсіпорындарда 134 адам қаза тапқан

Биыл кәсіпорындарда 134 адам қаза тапқан

Әлеумет 21.10.2022, 11:10 1,161
Биыл кәсіпорындарда 134 адам қаза тапқан
Сурет: lada.kz

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен.


Жыл басынан бері кәсіпорындарда 999 адам зардап шегіп, 134 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтып берді.



«Жыл басынан бері 9 айда еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 5,8%-ға төмен. 134 адам қаза тапты, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен», - деді Төлеген Оспанқұлов.



Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – зардап шеккендердің салғырттығы (34,9%), өндіріс пен жұмыстарды жеткілікті түрде ұйымдастырмау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жол қозғалысы ережелерін бұзу.



«Ең көп жарақат алу жағдайлары бұрынғыдай еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматы қаласында сақталуда. Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласының кәсіпорындарында байқалады», - деді Т. Оспанқұлов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #кәсіпорын #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.