Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл жолаушылар 226 рейсте әуе кемелерін ауыстыруғ...

Биыл жолаушылар 226 рейсте әуе кемелерін ауыстыруға мәжбүр болған

Әлеумет 23.12.2023, 09:08 1,131
Биыл жолаушылар 226 рейсте әуе кемелерін ауыстыруға мәжбүр болған
Almaty-akshamy.kz

Көлік министрлігі Air Astana әуекомпаниясының борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде ұшақты ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі әзірленетін болды.


«Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз FlyArystan ұшағына ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Air Astana» АҚ өкілдерімен кездесті.


2023 жылы «Air Astana» әуе компаниясы 31 588 рейсті орындаған, оның ішінде 226 рейсте «Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелері «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстырылған. Бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ы.


Жиын нәтижесінде «Air Astana» әуекомпаниясына тапсырма берілді:


«Air Astana» әуе кемелерін «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау;


Ұшақты ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;


Ұшақты ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;


«Air Astana» резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.


Көлік министрлігі рейске байланысты өзгерістер болған кезде жолаушылар құқығы сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#эйрастана #Жолаушы #өтемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.