AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл ЖМЗЖ мөлшері де артты

Биыл ЖМЗЖ мөлшері де артты

Әлеумет 13.01.2026, 11:20 509 yakiya
Биыл ЖМЗЖ мөлшері де артты
Сурет: Gov.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  биыл ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің табысының 3,5 пайызы болғанын еске салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дәл осы соманы жұмыс беруші қызметкер үшін БЖЗҚ-ға аударуға міндетті.

ЖМЗЖ жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді. Былтыр мөлшерлеме 2,5 пайыз болса, 2024 жылы 1,5 пайыз болған.

Жоспар бойынша, 2027 жылы жарна мөлшері - 4,5 пайыз, ал 2028 жылы 5 пайыз болады.

Анықтама: ЖМЗЖ - бұл жұмыс беруші қызметкердің өз міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін жарналар.

ЖМЗЖ кімдерге төленеді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті.

ЖМЗЖ 1975 жылы туған және одан кейін туған азаматтарға арналған. Бұл санаттағы адамдардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі аз немесе мүлде болмағандықтан, олар ынтымақты зейнетақы алу құқығына толық ие бола алмайды. Нәтижесінде олардың зейнетақысы үш бөліктен тұрады:

базалық - мемлекеттен;
жинақтаушы - қызметкердің өз жарналары есебінен;
шартты-жинақтаушы - жұмыс берушінің жарналары (ЖМЗЖ) есебінен.

1975 жылдан бұрын туған қызметкерлерге, зейнеткерлерге, 1–2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жұмыс берушілер ЖМЗЖ төлемейді. Төлемдердің уақтылы аударылуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылайды.

ЖМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады. Алайда тұрақты тұру үшін шетелге көшкен немесе азаматтығын өзгерткен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. Бұл ретте тек қызметкердің жеке жинақтаушы жарналарын ғана алуға болады, ал ЖМЗЖ қаражаты БЖЗҚ-да қалады, өйткені ол қызметкердің меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Азаматтығын өзгерткен немесе қайтыс болған адамдар үшін аударылған жарналар жүйе қатысушылары арасында қайта бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖМЗЖ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);