AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Биыл ЖІӨ-нің 6 пайыз өсіміне қалай қол жеткіземіз?...

Биыл ЖІӨ-нің 6 пайыз өсіміне қалай қол жеткіземіз? 

Экономика 16.06.2025, 14:41 1,321
Биыл ЖІӨ-нің 6 пайыз өсіміне қалай қол жеткіземіз? 
Сурет: интернеттен

Бүгін вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кеңес өткізіп, еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Қай салаларда өсім байқалады? Қай саланы дамыту керек? Биыл ЖІӨ-нің 6 пайыз өсіміне қалай қол жеткіземіз? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында.

2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында еліміздің жалпы ішкі өнімі 6 пайызға артқан. Бұл – Ұлттық статистика бюросы ұсынған алдын ала мәлімет.

Қай салаларда өсім байқалады?

Экономикалық өсімге негізгі салалардағы – өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секторларындағы қарқынның үдей түсуі әсер еткен:

  • Өнеркәсіп өндірісі биылғы қаңтар–мамырда 6,4 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш елдің барлық 17 өңірінде тіркелген өсіммен байланысты; 
  • Ауыл шаруашылығы саласында оң серпін сақталады – өсім 4 пайыз болды. Айта кетейік, сәуірге дейін көрсеткіш 3,9 пайыз болған. 
  • Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, бұл сала 15,4 пайыз өсімге жетті. Елдің 18 өңірінде оң динамика тіркелсе, әсіресе Маңғыстау облысында ірі инфрақұрылымдық жобалар есебінен құрылыс көлемі екі есеге артты. 
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,2 пайызға ұлғайды. Қаржы ағыны негізінен көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына, сонымен қатар, жаңа өнеркәсіптік нысандар мен заманауи жабдықтарға бағытталған.
  • Сауда секторында да тұрақты өсім байқалады. Сауда айналымы 7,8 пайызға артты, бұл алдыңғы айдағы 7 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда біршама жоғары. Ішкі сауда құрылымында көтерме сауда үлесі 68 пайызға жуықтап, осы сегмент 8,3 пайызға өссе, бөлшек сауда 6,5 пайыздық көрсеткішке жетті.
  • Байланыс және телекоммуникация саласында 2,8 пайыз өсім тіркелді. Бұған интернет қызметтеріне деген сұраныстың артуы әсер етті.  Бұл бағыттағы өсім 13,9 пайыз болды.
  • Көлік саласы ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр – 23,1 пайыз. Мұндай серпінді өсім, ең алдымен, жүк теміржол көлігінің және құбыр арқылы тасымалдау көлемінің ұлғаюына тікелей байланысты.

Биыл ЖІӨ-нің 6 пайыз өсіміне қалай қол жеткіземіз?

Бұл сұраққа вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кеңесте жауап берді. 

"Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуге тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #ЖІӨ #Қазақстан #ЖІӨ өсімі #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);