AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл еліміздің күнтізбесі «Аналар күні» мерекесіме...

Биыл еліміздің күнтізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықты

Әлеумет 11.05.2024, 12:46 1,167
Биыл еліміздің күнтізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықты
Сурет: Elorda.info

Атап айтқанда, алғаш рет «Аналар күні» мерекесі атап өтілуде.

10 мамырда Астанадағы  Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына ақ жаулықты аналарымыз жиналып, аналар мерекесінің маңыздығына ерекше мән берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Орталық қызметкерлері Аналар мерекесін «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне құрмет көрсетіп, олардың ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына қосқан еңбегін ұлықтау мақсатында ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара «Аналар әлемі» атты сурет көрмесінен басталды. Сонымен қатар жиналғандарға «Қолөнер-тоқыма» атты шеберлік класы өткізілді.  

Аналар мерекесі Орталықтың көркем өнерпаздары даярлаған концертпен ұласты. Барлық әндер ана тақырыбына арналды. Қала зейнеткерлерінен құралған «Асыл мұра» домбырашылар оркестрі, «Ветераны» хоры мен «Сағыныш сазы»  ансамблі және т.б. өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

«Аналар күні» мерекесіне қатысқан зейнеттегі бір «Батыр ана», бір «Алтын алқа» және 12 «Күміс алқа» иегеріне қошемет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараға қала кәсіпкерлері демеушілік етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аналар күні #мереке #күнтізбе #12 мамыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);