AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл елімізде картоп 197,6 мың гектар алқапқа егіл...

Биыл елімізде картоп 197,6 мың гектар алқапқа егілді

Әлеумет 19.06.2023, 05:12 1,167
Биыл елімізде картоп 197,6 мың гектар алқапқа егілді
Сурет: ашық дереккөз

Жыл сайын ерте пісіп жетілетін дақылдардың алаңы ұлғайып келеді. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  .



«Биыл облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша көкөніс дақылдары 173,5 мың гектарға, картоп 197,6 мың гектарға егілді. Жалпы, көкөніс дақылдары мен картоптың жалпы өнімі ішкі нарықты қажет көлеммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Е. Қарашөкеев.



Сонымен қатар ол маусымаралық кезеңде өніммен қамтамасыз етуде проблема бар екенін мойындады.



«Негізгі тапшылық сәуір-мамыр айларында болады. Маусымаралық кезеңде халықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданады. Біріншіден, жыл сайын ерте пісіп жетілетін дақылдардың алаңы ұлғайып келеді. Былтырмен салыстырғанда ерте пісіп жетілетін көкөністердің егіс алқабы 2,8 мың гектарға өсті және әкімдіктердің жедел деректері бойынша осы жылы 27 мың гектарды (2022 ж. – 24,3 мың гектар) құрады. Оның ішінде картоп егістігі 2,5 мың гектарға (2022 ж. – 10,6 мың гектар), қырыққабат 150 гектарға (2022 ж. – 8,2 мың гектар), пияз 100 гектарға (2019 ж. – 3,3 мың гектар) ұлғайды. Екіншіден, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылыжайлардың алаңы 1,2 мың гектарды құрады. Жылыжайда өсірілетін қызанақ пен қиярдың жалпы өнімі 177,5 мың тоннаға жетті», - деді министр.



Оның сөзіне қарағанда, кейінгі үш жылда өнеркәсіптік жылыжайлардың алаңы 31,7 гектарға ұлғайды және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 218,9 гектарды құрады, деп жазды ҚазАқпарат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#картоп #ауылшаруашылық #Егістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);