ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Биыл елімізде жол апатынан зардап шеккендер 2 есе...

Биыл елімізде жол апатынан зардап шеккендер 2 есе көбейген

Оқиға 18.11.2024, 09:51 686
Биыл елімізде жол апатынан зардап шеккендер 2 есе көбейген
ЖИ көмегімен салынды
Ал қаза болғандар саны 9%-ға өскен.

Ал қаза болғандар саны 9%-ға өскен.

Жол апатынан қаза тапқандар саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында жол апаты салдарынан 29,5 мың адам зардап шеккен. Бұл цифр тіпті соңғы жылдардағы жылдық көрсеткіштен де асып түсті. 2023 жылдың он айында апаттан зардап шеккендер екі есе (14,5 мың адам) аз болды.

Қаңтар-қазан айларында қайтыс болғандар саны да өсті: 2023 жылдың осы кезеңіндегі 1,9 мың адам болса, биыл 2,1 мың адам. Оған апаттың көбейіп кетуі себеп.

Қаза болғандардың көбі Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында: 736 адам немесе жалпы өлім-жітімнің 35 пайызы осы аймақтарға тиесілі. Адам өліміне әкелген жол апаттары Астанада аз тіркелді.

Жүргізушілер жарақат алған немесе қаза болған жол апаттарында 86% жағдайда ер адамдар зардап шеккен. Көбінесе (79% жағдайда) бұл жас немесе орта жастағы ер адамдар (18-ден 49 жасқа дейін). Жүргізушілер зардап шеккен немесе қаза тапқан жол апаттарының 3%-ында кәмелетке толмағандар көлік жүргізген.

Жарақат алған немесе қаза тапқан жолаушылар көбіне әйелдер (61%) болды. Жол апаттарынан зардап шеккен және қаза тапқан жолаушылардың төрттен бірі балалар: биылғы жылдың он айында – 2,4 мың адам.

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында жүргізушілер 8,3 мың рет жаяу жүргіншілерді қаққан. 34% жағдайда балалар, ал 48% жағдайда 18 бен 49 жас аралығындағы ересектер жарақат алды немесе қаза болды.

Айтпақшы, жол апатына 3% жағдайда ғана жаяу жүргінші кінәлі. 8% жағдайда кінәлілер оқиға орнынан қашып кетеді. Қаңтар-қазан айларында 480 мас жүргізуші жол апатын жасаған. Жол апатына кінәлілердің ішінде мұндай жүргізушілердің үлесі 2,2%-ды құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.