Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл елімізде 7 миллион тонна асфальт төсеу көздел...

Биыл елімізде 7 миллион тонна асфальт төсеу көзделген

Әлеумет 28.05.2024, 09:20 740
Биыл елімізде 7 миллион тонна асфальт төсеу көзделген
Сурет: Smarttop.kz

«Астана – Алматы» автомобиль жолын реконструкциялау жобасын жүзеге асыру аясында шамамен 2,5 миллион тонна асфальт төсеу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға бір миллион тоннаға жуық асфальтбетон төселді. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғайтын «Орталық – Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау жобасына 560 мың тонна асфальтбетон төселген. «Ақтөбе – Қандыағаш» жобасында 125 мың тонна асфальт төселді және т.б.», — деді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

«Талдықорған – Өскемен» тасжолын реконструкциялау барысында 638 мың тонна асфальтбетон пайдалану көзделген. Ал «Атырау – Астрахань» автожолын реконструкциялауды аяқтауүшін 500 мың тоннаға жуық асфальтбетон төсеу жоспарлануда.

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында ҚР Көлік министрлігі 12 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамтымак. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мәселен, республикалық маңызы бар 5,3 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасын тапса, 4,2 мың жергілікті маңызға ие жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Сонымен қатар Көлік министрлігі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды орташа жөндеумен қамту бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асырады. 2,5 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін «Жезқазған – Петропавл» автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолы жөнделмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #асфальт #төсеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.