AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Биыл экономика 4,9%-ға ілгеріледі

Биыл экономика 4,9%-ға ілгеріледі

Экономика 12.12.2023, 10:29 1,237
Биыл экономика 4,9%-ға ілгеріледі
Сурет: интернеттен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 14,6% -ға артқан.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, биылғы он бір айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,9%-ке өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Биыл қантар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 3,5%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,6%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау көрсетті", - деді Қуантыров.



Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6% болды. Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есеге, көлік және қоймалауда – 58%-ке, саудада – 34%-ке, білім беруде – 17%-ке, ауыл шаруашылығында – 11%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ке, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,6%-ке өсті.


Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды.



Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда тауар айналымы 2,6%-ке өсіп, 114 млрд доллардан асты. Экспорт 65 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 21 млрд долларға жуықтады. Тауарлар импорты 49 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 15 млрд доллардан асты.



Министр өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Өндіріс көлемі 3,4%-ке өскен. Машина жасау өндірісі 27%-ке жуық, оның ішінде автомобиль жасау – 41%-ке және электр жабдықтарын жасау – 32%-ке ұлғайды.


Сондай-ақ азық-түлік, металл бұйымдары, құрылыс материалдары, пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісінде де оң өсім тіркелген.


Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,2%-ке жоғарлады. Бұл ретте газ өндіру – 12%-ке, мұнай өндіру – 7,8%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру –13%-ке өсті. Металл кендерін өндіру – 0,5%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 2,6%-ке, көмір өндіру 5,8%-ке төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖІӨ #Қазақстан #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);