AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл да дизель тапшылығы байқала ма?

Биыл да дизель тапшылығы байқала ма?

Әлеумет 12.01.2023, 09:31 1,019
Биыл да дизель тапшылығы байқала ма?
Сурет: 7-su.kz

Соңғы жылдары дизель отынының тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр.


Жанар-жағармай тек талон мен карта бойынша немесе тіпті шектеулі көлемде ғана сатылған кездер де болған. 


Сенатор Бақытжан Байахметовтің айтуынша, еліміздегі ірі үш мұнай өңдеу зауытында өндіріс проблемасына байланысты жыл сайын мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады. Депутат бұған көрші елдердегі отын бағасы да себеп болатынын, өйткені онда біздікінен екі есе қымбат екенін, тиісінше, транзиттік көліктердің ыңғайына қарай жұмыс істейтінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сенатор 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығының нормасы енгізілетінін еске салды. Оған біздің елден басқа Ресей мен Қырғызстан кіреді, оларда отын бағасы жоғары. 


Осыған байланысты Бақытжан Байахметов Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.



«Үш ірі мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатында барынша жұмыс істеуін ескере отырып, Үкімет мұнай өнімдері өндірісінің өсуін ынталандыру үшін қандай шаралар қабылдауды жоспарлап отыр? Қазақстан мен оның көршілері арасындағы дизель отын бағасының жалғасып келе жатқан теңсіздігіне қатысты Үкіметтің көзқарасы қандай? Үнемі болып тұратын мұнай өнімдері мен дизель отынының тапшылығы мәселесін шешу үшін Үкіметтің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді жоспары бар ма?», - делінген Байахметовтің депутаттық сауалында.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#дизель #тапшылық #сенатор жауабы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);