AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының маманды...

Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды

Әлеумет 16.09.2024, 12:07 1,810
Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған БҰҰ делегациясымен кездесті. Тараптар су саласын цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Нұржан Нұржігітов бүгінде министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе су тасқынын болжау және модельдеу бойынша TALSIM (Германия) және Delft-FEWS (Нидерланды) жүйелерін Қазақстанға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, білікті мамандармен су саласының әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

«Еліміздегі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды. Қазақстандық 2 университет Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Тараз қаласында жеке Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. Ендігі мақсатымыз - осы оқу орындарына шетелдік үздік профессор-оқытушыларды әкелу. Біз Қазақстанға келуге ниетті немесе қашықтан оқытуға дайын мамандармен жұмыс істеуге әзірміз», - деді Нұржан Нұржігітов.

Армида Алишахбана министрліктің су ресурстарын дамыту және қорғау, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру жобаларын жоғары бағалады.

«Біз өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының «Халықаралық Аралды құтқару» қорына төрағалығы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесін реттеуге көмек көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ, қазақстандық мамандарды су саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын біздің түрлі іс-шараларымызға және мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық жобаға қатысуға шақырамыз»,- деді БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алишахбана.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су министрлігі #Ынтымақтастық #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);