Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл байланыс операторларына қатысты қанша тексері...

Биыл байланыс операторларына қатысты қанша тексеріс жүргізілді?

Әлеумет 21.12.2023, 12:13 1,206
Биыл байланыс операторларына қатысты қанша тексеріс жүргізілді?
Сурет: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі (ЦДИАӨМ) өз құзыреті шеңберінде тұрақты негізде Интернет және ұялы байланыс желісіне қол жеткізу сапасын мониторингілеу және жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде.


Жыл басынан бері байланыс операторларына қатысты 763 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 3 млрд 18 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жеңілдікті ескере отырып, бюджетке 1,5 млрд 9 млн теңге төленді.


Анықтама:



  • 2020 жылы 93 тексеру жүргізіп, 23,9 млн теңге сомасына айыппұл салынды;

  • 2021 жылы 562 тексеру жүргізіліп, 132 млн теңгеге айыппұл салынды;

  • 2022 жылы 1175 тексеру жүргізіліп,  1,6 млрд теңгеге айыппұл салынды;


Еске сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінен бастап заң бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 1000 АЕК есебінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл сомасы 1500 АЕК-ке дейін өседі.


2019 жылдан 2022 жыл аралығында, яғни айыппұлдардың өсуіне дейінгі кезеңде операторлар нұсқамалардың тек 33%-ын,  ал айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады.


Операторға қатысты байланыстың немесе Интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына «Электронды үкімет» порталы, «Е-Оtinish» өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті.


Әлеуметтік желілер арқылы келген өтініштер негізге алынбайды!


Айта кетейік, Министрлік көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасын ғана реттейді. Ұялы байланыс операторларының тарифтік қызметтерінің бағасын көтеру бойынша азаматтар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгінуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байланыс операторы #Айыппұл #заң бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.