AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматы қаласы бойынша 37 мыңнан аса деклараци...

Биыл Алматы қаласы бойынша 37 мыңнан аса декларация қабылданды

Әлеумет 09.06.2022, 02:20 1,137 Almaty-akshamy
Биыл Алматы қаласы бойынша 37 мыңнан аса декларация қабылданды
Cурет: Almaty.tv

Жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңнен тұрады


Елімізде жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімі қағаз жүзінде 15 шілдеде аяқталады. Ал электронды нұсқасы 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Биыл Алматы қаласы бойынша 37 мыңнан аса декларация қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңнен тұрады: 
1. Мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және олардың жұбайлары;
2. Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері;
3. Заңды тұлғалардың құрылтайшылары, басшылары және жеке кәсіпкерлер;
4. Декларация халықтың қалған санаттарымен ұсынылады.



«Азаматтарға декларацияларды тапсыруды ыңғайлы ету мақсатында мемлекеттік кірістер комитеті е-salyq азамат қосымшасын жасап шығарды.Осы е-salyq қосымшасы арқылы ұялы телефонмен декларацияны тапсыруға болады. Былтыр мемлекеттік қызметкерлер 250 нысанды тапсырса, биылдан бастап 270 нысан декларация тапсырады», – деді Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.



Сондай-ақ сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, жалпыға бірдей декларация салықтан жалтарып һәм табысын жасырып жүргендерді анықтауға мүмкіндік береді.



«Негізі халық әрбір тауып жатқан табысы жөнінен есеп беру қажет деген. Бұл не үшін қажет? Халықтың табысын қандай дәрежеде екенін анықтау үшін керек. Сондықтан да мен ойлаймын халықтың басым көпшілігіне оның кері әсері болмайды. Бұл жерде табысын жасырып жүрген 10 пайыз деңгейіндегі адамдар бар», – деді экономист Мақсат Халық.



Қандай жолмен табыс тапсаңыз да, бәрін декларацияда жазуға міндеттісіз. Ал кейбірін жасырып қалған болсаңыз, басыңыз дауға қалады. Декларацияда көрсетілгеннен артық табысыңыз болғаны анықталса, оның 10 пайызынан салық төлейсіз. Оны тапсыру мерзімін бұзсаңыз 45 мың теңге айыппұл арқалайсыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#декларация #Мемлекеттік қызметтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);