AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алматы, Астана және Шымкент 15 пайыз 5G интер...

Биыл Алматы, Астана және Шымкент 15 пайыз 5G интернетпен қамтылады

Әлеумет 27.01.2023, 03:29 1,563
Биыл Алматы, Астана және Шымкент 15 пайыз 5G интернетпен қамтылады
Сурет: Ашық дереккөз

2024 жылдан бастап 5G облыс орталықтарына енгізіле бастайды.


Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар қалалар 15 пайызға 5G интернетімен қамтылады деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«5G енгізу республикалық маңызы бар үш қалада (Астана, Алматы, Шымкент) пилоттық режимде жүріп жатыр. Өткен жылдың желтоқсанында 5G радиожиіліктеріне аукцион ұйымдастырылды. Сонымен қатар байланыс операторларына лицензиялық міндеттер жүктелді. Оған сәйкес, биыл жыл соңына дейін Астана, Алматы және Шымкент қаласы 15% 5G интернетпен қамтылуы тиіс. Ал 2027 жылға қарай аталған қалалардың 75% 5G енгізіледі. Сол сияқты 2024 жылдан бастап 5G облыс орталықтарына енгізіле бастайды», - деді Ержан Мейрамов аталған министрліктің кеңейтілген алқа отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.



Айта кетсек, Үкімет басшысы елімізде 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырған еді.



«Министрлік ұялы байланыс пен интернеттің сапасына талдау жүргізуі қажет. Соның негізінде тиісті іс-шаралар әзірленіп, ол «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде қабылдануы тиіс. Бүгінде елімізде 5G ұялы байланысын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Аталған жұмыс 2027 жылы аяқталуы керек», - деген міндет жүктеді Әлихан Смайылов.



Еске салайық, былтыр желтоқсанда елімізде алғаш рет 5G үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#5G #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);