AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Алмалы ауданында 27 км-ден астам электр желіс...

Биыл Алмалы ауданында 27 км-ден астам электр желісі жаңартылады

Әлеумет 06.02.2025, 09:59 796
Биыл Алмалы ауданында 27 км-ден астам электр желісі жаңартылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында электрмен жабдықтау сапасын арттыруға қатысты жоспарды айтты.

Оның айтуынша, 2025 жылы ауданның жарықтандыру деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Тұрғындарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Райымбек – Наурызбай батыр – Мәметова – Сейфуллин (1,3 км) көшелері мен Жамбыл – Әуезов – Абай – Розыбакиев (6,4 км) көшелері аумағында 7,7 км электр желісі жаңартылды. Сонымен қатар, 58,1 км ескі кабель желісі жаңғыртылып, 4,4 мыңнан астам шам ауыстырылды және 193 жарық бағанасы орнатылды. Жалпы, 46 көше мен 185 аула қамтылды.

Қала басшысы биыл да желілерді жаңғырту жалғасатынын атап өтті. Жоспар бойынша 27,1 км электр желісі жаңартылып, 85 трансформаторлық қосалқы станция жөнделіп, 1 жаңа станция салынбақ. Сондай-ақ 4,5 мың шам жаңартылып, 58 км кабель желісі ауыстырылып, 483 жарық бағанасы орнатылады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жылы басталған электр желілерін жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс қазірдің жемісін берді. Алмалы ауданындағы электр желілерінің тозу деңгейі 80%-дан 61%-ға дейін төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #электр жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);