ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 7080 студент біті...

Биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 7080 студент бітірді

Білім және ғылым 03.07.2025, 21:50 973
Биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 7080 студент бітірді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер санының көп болуына орай дипломдарды тапсыру шілденің 1-нен 12-не дейінгі кезеңге жоспарланған. Биыл университетті 7080 студент бітірді. Олардың 5410-ы...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер санының көп болуына орай дипломдарды тапсыру шілденің 1-нен 12-не дейінгі кезеңге жоспарланған. Биыл университетті 7080 студент бітірді. Олардың 5410-ы бакалавр, 1163-і магистр, 507-сі докторант дәрежесін алды. 1404 түлек үздік диплом иегері атанды.

Іс-шараларға түлектермен бірге ата-аналар, кішкентай балаларымен туыстары, сондай-ақ достары және мобилографтар мен фотографтар қатысуда.

Салтанатты рәсім күн сайын аумағы 5000 шаршы метрді құрайтын Farabi Hub орталығында өтуде. Орталықта LED-экран, екі баннер, дыбыс аппаратурасы, сөз сөйлеуге арналған трибуна, екі фотоаймақ, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен туыстарының отыруына арналған 800 орын қойылған.

Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.

Farabi Hub орталығында кондиционерлер, салқындатқыш желдеткіштер, буфет және медициналық бекет жұмыс істейді. Сыртқы аумақ баннермен безендіріліп, орындықтар орнатылған.

Кампус аумағында ҚазҰУ қалашығының карталары және Farabi Hub орталығының орналасқан жерін көрсететін сілтемелер ілінген. Атап айтқанда, карталар ҚазҰУ аркасы, автотұрақ, Әл-Фараби ескерткіші, СЗПУ филиалының ғимараты, Әл-Фараби кітапханасы аллеясы және сағат мұнарасының жанында орналасқан.

Сондай-ақ университет әкімшілігі арнайы екі автобус бөлді. Қонақтардың ыңғайлылығы үшін Тимирязев көшесінен Farabi Hub орталығына дейін – түлектерге, олардың ата-аналары мен туыстарына тасымалдау ұйымдастырылды.

Барлық келушіге университеттің аумағына кіруге рұқсат берілді, автотұрақтан арнайы орын бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.