AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 9,5 мыңнан аса этникалық қазақ елге оралған

Биыл 9,5 мыңнан аса этникалық қазақ елге оралған

Әлеумет 29.09.2025, 09:44 709
Биыл 9,5 мыңнан аса этникалық қазақ елге оралған
Сурет: Gov.kz

Қазақстанға 2025 жылдың басынан бері 9 586 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін иеленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ қоныс аударған.

Қандастардың келу географиясы:

45,7% – Өзбекстаннан,
41,8% – Қытайдан,
4,6% – Түрікменстаннан,
2,7% – Моңғолиядан,
2,6% – Ресейден,
2,6% – өзге елдерден.

Қандастардың жас ерекшелігі мен білім деңгейі
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша этникалық қоныс аударушылардың:

58,7%-ы – еңбекке қабілетті жастағылар,
32,3%-ы – балалар мен жастар,
9%-ы – зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті жастағылардың ішінде:

15,4%-ы – жоғары білімді,
29,7%-ы – орта кәсіби білімді,
52,3%-ы – жалпы орта білімді,
2,6%-ының білімі жоқ.

Қоныстандыру өңірлері мен квоталар

Этникалық қазақтар елдің түрлі өңірлеріне орналастырылды. Еңбек күші тапшы аймақтар ретінде мына облыстар белгіленген: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан.

2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 2 309 адам. Оның ішінде 1 қыркүйекке дейін 1 467 қандас қоныстанды.

Мемлекеттік қолдау шаралары
Қоныстанған қандастарға мынадай әлеуметтік қолдау ұсынылады:

көшуге – әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем;
тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметке – жылына 15–30 АЕК (58,9–117,9 мың теңге) аралығында.
Жыл басынан бері 594 қандасқа қолдау көрсетілді, оның ішінде 237 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Қосымша ынталандыру шаралары

Ерікті қоныс аударуды күшейту мақсатында жұмыс берушілерді қолдау тетіктері енгізілді.
Сонымен қатар, экономикалық ұтқырлық сертификаты қарастырылған. Ол тұрғын үй сатып алу немесе салу, сондай-ақ ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін беріледі.
Бұл сертификат отбасыға үй құнының 50%-ына дейін немесе 4,56 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз төленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #квота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);