AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Биыл 380 мыңнан астам жас алматылық комьюнити орта...

Биыл 380 мыңнан астам жас алматылық комьюнити орталықтарға барды

Барлығы 16.10.2025, 16:07 642 dulatbekova
Биыл 380 мыңнан астам жас алматылық комьюнити орталықтарға барды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың басынан бері Алматыда тұратын 380 мыңнан астам жас комьюнити орталықтардың қызметін пайдаланды.

Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған заманауи кеңістіктер, мұнда олар білім алып, жұмысқа орналасып, әлеуметтік және психологиялық қолдау ала алады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы хабарлады.

Осы кезеңде орталықтарда 1,6 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Жастар қала өмірінің мәдени, білім беру, экологиялық және еріктілік бағыттарына белсенді қатысып келеді. Әр ауданда жергілікті жастардың қызығушылығы мен көзқарасын көрсететін жеке комьюнити құрылып келеді. NEET санатындағы (оқымайтын және жұмыс істемейтін) жастарға ерекше көңіл бөлінген.

Мәселен, биыл 6,2 мыңнан астам адамға еңбекке орналасу жөнінде кеңес беріліп, 3,9 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа тұрды. Сондай-ақ, 1 мыңға жуық жасқа психологиялық, ал 1,3 мыңнан астам өтініш бойынша заңгерлік көмек көрсетілді.

Комьюнити орталықтардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылған: жастардың әлеуеті бағаланып, жеке даму бағыты айқындалады, оқу мен тәлімгерлік бағдарламаларға және әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Әр орталық өз ауданының ерекшелігі мен жастардың сұранысына сай жобаларды жүзеге асырады.

Қалалық жастар саясаты басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін әр ауданда екіден орталық ашылып, олардың жалпы саны артады.

Бүгінде Алматыда қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 11 комьюнити орталық жұмыс істейді. Бұл жай ғана коворкингтер емес, жастардың пікір алмасып, мүмкіндігін дамытып, көмек ала алатын орталық алаңдары. Мұнда психологиялық және заңгерлік кеңес алып, кәсіби бағдардан өтіп, түрлі шебердің дәрісіне, тренинг және зияткерлік ойындарға қатысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#комьюнити-орталықтар #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);