конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 36 мың ит пен 8 мың мысыққа құтыруға қарсы ва...

Биыл 36 мың ит пен 8 мың мысыққа құтыруға қарсы вакцина егу жоспарланып отыр

Әлеумет 25.05.2022, 10:53 1,433
Биыл 36 мың ит пен 8 мың мысыққа құтыруға қарсы вакцина егу жоспарланып отыр
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының аумағында құтыруға қарсы вакциналау мен эхинококкозға қарсы гельминтсіздендіру жүргізілуде.


Жыл сайынғы алдын алу іс-шаралары қаладағы қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау, сондай-ақ аса қауіпті, оның ішінде, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың таралуын болдырмау үшін жүргізілетінін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.


2022 жылы 36 мың ит пен 8 мың мысыққа құтыруға қарсы вакцина егу жоспарланып отыр.
Құтыру – бұл құтыру вирусы (Rabies virus) тудыратын табиғи-ошақты өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жануар қауып алған кезде, оның сілекейі арқылы жұғады. Сонан соң нерв жолдары арқылы тарала отырып, вирус сілекей бездеріне, ми қыртысының жүйке жасушаларына, гиппокампқа, бульбар орталығына жетеді де, оларды зақымдай отырып, өлімге әкеліп соғатын ауыр бұзушылықтарды тудырады.


Осыған байланысты аталған аурудың алдын алу жұмысы қала билігінің ерекше бақылауында тұр. Соңғы отыз алты жыл ішінде Алматы қаласының аумағында адамдардың құтыру ауруын жұқтырған жайттары анықталмады, бұл құтыруға қарсы жүргізілген алдын алу  іс-шараларының тиімділігін білдіреді.


Сондай-ақ, биыл эхинококкозға қарсы тоқсан сайын 44 мың үй жануарын (36 мың ит пен 8 мың мысықты) гельминтсіздендіру жоспарланып отыр.



Эхинококкоз – бұл бауырда, өкпеде немесе басқа да органдар мен терілерде паразиттік кисталардың пайда болуымен сипатталатын цестодоз тобының гельминтозы. Қоздырушысы Echinococcus granulosus эхинокогының өсетін, дамитын және адам организмінде ондаған жылдар бойы өмір сүретін личинкалық кезеңі болып табылады, ол іші сұйықтыққа толған дөңгелек немесе сопақ киста түрінде болады.


Инвазияның негізгі көзі – иттер, сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарлары – шошқалар, сиырлар, жылқылар және тағы басқа жануарлар болып табылады. Жетілген жұмыртқалар жануарлардың нәжістерімен бөлінеді, сөйтіп олардың жүндері мен қоршаған ортаны ластайды. Адамның ауруды жұқтыруы ауру жануармен байланыста болған кезде, яғни жемістер мен шөптерді жинау, гельминт көздерінің жұмыртқаларымен ластанған суды пайдалану кезінде болады.



Алматы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін ветеринарлық қызмет аулалық айналым аясында құтырмаға қарсы екпе және эхинококкозға қарсы дегельминтизация жұмыстарын тегін жүргізуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #иттер #Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);