AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 292,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

Биыл 292,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

Әлеумет 11.12.2023, 05:23 943
Биыл 292,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты
almaty-akshamy.kz

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 686,2 мың адам қатысты. 488,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 292,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  



Субсидияланатын жұмыс орындарына 195,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,3 мың адам, жастар практикасымен 32,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 120,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5  мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 485 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,1 мың адам жұмыспен қамтылды.



Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 45,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 41,2 мыңы оқуды аяқтады.


Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 131,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 98,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.


Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.


Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #адам #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);