Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 24,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Биыл 24,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Әлеумет 10.06.2024, 12:06 865
Биыл 24,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 145 кәсіпорны 10,6 мың жұмыскерге 1,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 4,2 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 139 ұйғарым берілді және 17,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап. 

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 8,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 895,6 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 954 тексеру жүргізді, оның барысында 4 197 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 3 186; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 961; халықты жұмыспен қамту бойынша – 50.

Жұмыс берушілерге 1 760 ұйғарым беріліп, 234,4 млн теңге сомасына 2 311 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 15,4 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек инспекторлары #Жұмысшылар #құқық қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.