Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бюджетін игере алмаған облыстар аталды

Бюджетін игере алмаған облыстар аталды

Әлеумет 13.06.2023, 05:21 921
Бюджетін игере алмаған облыстар аталды
Сурет: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 109 млрд теңгені құрады, оның ішінде 21 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 88 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», - деді ол.



Сондай-ақ, министр жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 трлн теңгені құрағанын айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.



«Атқарылмағаны - 47 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641 млрд теңге бөлінген. Оның 97,8%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеу:  Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында қалыптасты», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #игеру #теңге #тиімді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.