Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бюджет қаржысы жұмсалған екі нысан жарамсыз күйде

Бюджет қаржысы жұмсалған екі нысан жарамсыз күйде

Әлеумет 31.10.2022, 15:33 1,103
Бюджет қаржысы жұмсалған екі нысан жарамсыз күйде
Сурет: Egemen.kz

Атырауда бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған концерт залының құрылысы әлі аяқталмай тұр 



Жауаптылар 10 жыл бұрын басталған 1200 орындық нысанның бөліктері жарамсыз болып қалғанын айтады. Ғимаратты қайта қолға алу үшін тағы 5 млрд теңге қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Қазына қаржысы жұмсалған бұл нысанда жұмыстар 2011 жылы басталған. Ерекше архитектуралық ғимарат үшін сол кездегі өңір әкімі Бергей Рысқалиевтің басы үлкен дауға қалған еді. Себебі мердігер компанияның үстінен іс қозғалып, жобаға артық ақша аударылғаны анықталған. 



"Сметалық бағасы концерт залының 3 млрд 800 млн. Құрылыс тоқтатқан уақытта 2012 жылы 2,3 млр жойылып кеткен концерт залының. Соны тексеру кезінде 1 млрд артық кетіп қалғаны анықтаған сол кезде. Ол кері қарай қайтарылды ма, қайтарылмады ма ол жайлы мәлімет жоқ", дейді Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров.



Қазір концерт залы сұрықсыз күйде. Терезелері сынып, темірлерін тот басқан. Қараусыз қалған аумақта қоқыс көп. Жауаптылар 10 жыл бұрын салынған нысан бөліктерінің жарамсыз екенін мойындайды. Қазір оны басқарма балансына алуға күш салып жатқан көрінеді. Бірақ нәтиже аз. Шенділер арызда қателік жібергендіктен, сот рұқсат етпей отыр. 



"Снабойлстрой ЖШС-нен Атырау облысы құрылыс басқармасы ММ-не қабылдау-тапсыру актісінің болу фактісін анықтауды сұраған. Атырау қалалық сотының 2022 жылы 5 қазандағы ұйғарымымен аталған арызды қабылдаудан бас тартылған. Себебі арызданушының қойған мәселесі сотпен анықталуға жататын заңдық маңызы бар фактілер жатпайды. Ұйғарымда тараптардың мемлекеттік сатып алу шартын даулауға құқылы екендігі түсіндірілді", деді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Мейрамгүл Өтеғұлова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #құрылыс #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.