ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Бішкектегі түнгі бүлікке байланысты ресми түсінікт...

Бішкектегі түнгі бүлікке байланысты ресми түсініктеме берілді

Әлем 19.05.2024, 14:43 909
Бішкектегі түнгі бүлікке байланысты ресми түсініктеме берілді
Видеодан алынды
Мәлімдеме сыртқы саясат ведомствосының ресми сайтында жарияланды.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі 18 мамырға қараған түні ел астанасында шетелдіктердің қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Мәлімдеме сыртқы саясат ведомствосының ресми сайтында жарияланды.

СІМ хабарлағандай, ел милициясы аталған оқиға туралы ақпарат түскен сәттен бастап "оқиғаға қатысы бар шетелдік азаматтарды да, Қырғыз Республикасының азаматтарын да ұстау бойынша жедел шаралар қабылдады".

"Жағдай толығымен күш құрылымдарының бақылауында болды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді. Оқиғаға қатысушылар арасында ауыр зардап шеккендер жоқ. Медициналық мекемелерге 15-ке жуық азамат жүгінді. Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне зардап шеккен шетел азаматтары бойынша қандай да бір хабарламалар түскен жоқ", делінген СІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ведомство БАҚ пен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдерін жалған және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Бұл арада ашып көрсетілмеген шетелдіктер дегендері пәкістандықтар болуы мүмкін. Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктер туралы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф түсініктеме берген болатын. 18 мамырға қараған түні Бішкек полициясы 300-ге жуық жас жігіттің жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көтерілуіне байланысты барлық жеке құрамды аяғынан тік тұрғызды. Милиция кордондар қойып, топ адамды тежеп ұстауға тырысты. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.