конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Біржан Оразов футзалдан Еуропа чемпионатының үздік...

Біржан Оразов футзалдан Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

Спорт 07.02.2022, 03:40 1,689
Біржан Оразов футзалдан Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды
Cурет: Inform.kz

Қазақстандық футзалшы құрлықтық додада барлығы 7 гол соқты


Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында қазақстандық Біржан Оразов үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстандық футзалшы құрлықтық додада барлығы 7 гол соқты. Ол өзі қатысқан барлық кездесуде «қанжығасын майлады».


Алдымен топтық кезеңде Словениямен кездесуінде бір мәрте қақпаны дәл көздесе, одан кейін Финляндия, Италия қақпашыларын екі мәрте қапы қалдырды. Ширек финалда Украинамен ойында да екі мәрте дәлдігімен көзге түсті.


Екінші орынды ресейлік Антон Соколов алды. Оның еншісінде алты гол бар. Сұрмергендер сапында ресейліктер - Артём Антошкин мен Иван Чишкала бес-бестен гол соқса, тағы бір қазақстандық Дуглас Жуниор төрт голдың авторы атанды.


Еске салсақ, биылғы құрлықтық додада Қазақстан құрамасы да бәсекеге түсті. В тобында бақ сынаған отандастарымыз алғашқы ойында Словениямен (4:4) тең түсіп, одан кейін Финляндияны (6:2) және Италияны 4:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 7 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды. Ал ширек финалда Украинаға 3:5 есебімен жол берді.


Айта кетсек, биылғы Еуропа чемпионы атағын Португалия жеңіп алды. Екінші орын Ресейге бұйырса, үздік үштікті Испания түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футзал #Сұр мерген #Біржан Оразов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);