Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Біргеміз!

Біргеміз!

Әлеумет 16.10.2022, 11:38 1,057
Біргеміз!
Сурет: Turkystan.kz

Қиын сәтте қостанайлықтарға қол үшін созғандардың қатарында «Alataý Aqparat» медиахолдингінің қызметкерлері де бар. Алғашқылардың бірі болып көмек көрсетуге ниет білдірген ұжым мүшелері өрттен зардап шеккендерге 280 мыңға жуық теңгені құраған бір күндік жалақыларын аударды. 


Естеріңізде болса, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысының ормандарында өрт болып, салдарынан бірнеше елдімекен түгелдей жанып кеткен еді. 


Айтып келмейтін апаттан зардап шеккен қостанайлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі барып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдай салдарларын жою үшін қажетті көмектің барлығын көрсетуге тапсырма берген болатын. Әп-сәтте әлем назарын аудартқан алапат өрттің салдары оңай болған жоқ. Бірақ «көп түкірсе – көл» деген. Қызыл жалынға оранған өңірге еліміздің әр аймағынан гуманитарлық, қаржылай көмек көрсетіп жатқан халқымыз өзінің бірлігін көрсетті. Тіпті жеке кәсіпкерлер ерікті түрде өзінің жеке қаражатына киім-кешек те жіберіп жатты. 


Тілсіз жаумен бетпе-бет келген халық қауіпсіз жерге көшірілді. Үйінен айырылған және уақытша эвакуацияланған тұрғындарға еліміздің әр аймағынан гуманитарлық көмек көрсетіліп, еліміздегі жеке кәсіпкерлер мен компаниялар ақша аударды. Бірнеше мемлекеттік орган қызметкерлері бір күндік еңбекақысын берді. Қаржы және Ұлттық экономика министрлігіне Үкіметтің резервінен өрттен келтірілген залалды өтеуге қаражат бөлу туралы қаулы жобасын дайындау тапсырылды. 


Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында баспанасынан айырылған азаматтар үшін жаңа тұрғын үйлер салу жұмысы шұғыл басталып, құрылысшылар дереу іске кіріскен болатын. Президенттің жеке бақылауында болған бұл мәселе бүгінде өз нәтижесін беріп, Қостанай өңірінде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлер бой көтерді. Күні кеше Қостанай облысының әкімі Әулиекөлде бой көтерген жаңа ықшамауданға арнайы барып, тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Қаздай тізілген қызыл шатырлы үйлер қажетті инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда барлық үйге жылу берілді. 


Ресми деректердегі мәліметтерге сүйенсек, тұрғын үйлердің және инженерлік желілердің жобасын «КазҚСҒЗИ» АҚ және «Мемсараптама» РМК институттары әзірлеген. Айтуларынша, барлық үй су, газ, электр энергиясы, сондай-ақ кірме жолдармен қамтамасыз етілген. Қостанай облысы әкімдігі бүгінгі таңда 13 мердігер ұйымның күшімен (690 құрылысшы мен 11 техникалық қадағалау маманы жұмылдырылып, 82 техника тартылды) тұрғын үйлер мен инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіп жатқандарын жеткізді. 


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндірушілермен кездесуінде алапат алаумен күрескен сарбаздарға алғысын айтып, оларды наградаларға ұсынып, қаржылай сыйлықақымен марапаттайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы сапар соңында еріктілермен де жолығып, сын сағатта шет қалмай, қолұшын берген азаматтарға «Сіздер нағыз патриотсыздар, сіздерді мақтан тұтамын» деп алғысын айтқан болатын. 






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #көмек #Тілсіз жау #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.