AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бірге кітап оқиық» жобасы басталды

«Бірге кітап оқиық» жобасы басталды

Әлеумет 04.02.2025, 14:57 845
«Бірге кітап оқиық» жобасы басталды
Сурет: Astanatv.kz

Әлеуметтік желіде отандық және шетелдік шығармаларды насихаттауға бағытталған «Бірге кітап оқиық» жобасы басталды. Жобаның шымылдығы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романымен ашылды.

Оны танымал блогер-журналист Санат Ілияс және Жаңабике Қабылда жүргізеді. Олар отбасымен бірге кітап оқып, оқырмандарды осы үрдіске қосылуға шақырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әр он күн сайын келесі оқылатын кітап жарияланып, күн сайын оның оқу барысы мен талқылануы YouTube платформасында, TikTok, Instagram желілерінде шығып отырады. Соңында кітап авторымен немесе белгілі жазушы-публицистпен не болмаса кітаптағы кейіпкермен тағдырлас адаммен сұхбат ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты еліміздің және шетелдік жазушылардың туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау және жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру. Сондай-ақ ата-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға шақырып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру.Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы кітап оқуға қызығушылықты бәсекеге айналдыру.

Жобаның алғашқы қатысушысы ҚР Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ол өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы кітапты көп оқитынын және Мемлекет басшысының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қосу керек екендігін айтты.

Берік Уәлиұлы келесі оқылатын туындыға Бауыржан Момышұлы атамыздың «Ұшқан ұя» романын таңдады. Ал «Бірге кітап оқиық» аманатын одан әрі жалғастырып келесі шығарманы анықтауды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханымға ұсынды.

Жоба ережесі:

1.Жобаға қатысушы әлеуметтік желі арқылы халық арасында он күн бойы талқыланған (өзіне ұсынылып отырған) шығармадан үзінді келтіреді.

2. Ұнаған кейіпкері туралы өз ойын айтады.

3. Келесі оқылатын кітапты анықтайды.

4. Келесі оқылатын кітаптың 10 данасын жүргізушілерге сыйға тартады. (Бұл кітаптар сұрақ-жауап жеңімпаздарына тарту етіледі).

5. Ол туындыдан кейін оқылатын шығарманы анықтау үшін «Бірге кітап оқиық» аманатын келесі адамға ұсынады.

6. Әріптестеріне осы оқылатын кітап жөнінде өз пікірлерін әлеуметтік желіде білдіруге кеңес береді.

Кітаппен дос болған адам дүниенің ғажабын танып біле алады. Сондықтан білімнің көкжиегін тек кітаптан ғана табатынымызды ұмытпайық.#БіргеКітапОқиық аманаты жобасынан қалыс қалмай, сізде өз үлесіңізді қосыңыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бірге кітап оқиық #жоба #Әлеуметтік желі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);