Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатт...

Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып баспана ала алады

Әлеумет 14.06.2023, 07:37 1,047
Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып баспана ала алады
Сурет: ашық дереккөз

Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін төлемге қатысты мемлекеттік органдар өкілдеріне сұрақ қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.



«Мысалы, үйде ағайынды балалар болады. Қазір үлкені 17 жаста делік. Осы Ұлттық қордан берілетін 3 500 долларды 18 жылға есептегенде олар әр жыл сайын шамамен 200 доллар ғана алады. 200 доллар не білімге, не үйге жетпейді. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: өзінің артынан еріп келе жатқан бауыр, қарындас, інілеріне ақшаны беру, аудару мүмкіндігі бар ма? Егер болмаса, неге осы мәселені қарастырмасқа?»,– деп сұрады депутат Қаржы министрлігі өкілінен.



Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков депутаттың сұрағына жауап берді.



«Біз бұл сұрақты да талқыладық. Егер бір отбасында 18 жасқа толмаған бірнеше бала осы ақшаны алатын болса, олардың құқығы Отбасы банкіне аударылады. Отбасы банк депозит арқылы мысалы, 3-4 баланың депозитін біріктіріп, тиісті бір мақсатқа жұмсай алады. Мақсат бір – ол пәтер алу. Ондай мүмкіндік қарастырылған», - деп жауап берді вице-министр Мәжілісте.



Сонымен қатар, заңды таныстырған депутат Үнзила Шапақ та сұрақтың жауабын толықтыра кетті.



«Ол ақша 10 жылға дейін БЖЗҚ сақталады. Себебі, ол балалардың бәрі бір жылда 18 жасқа толмайды. Сол себепті өзінен кейінгі бауырларының жасы 18 жасқа толған сәтте ғана ол ақша қосылады. Осыған дейін қолданылған Зейнетақы қорынан ақша алу механизмімен бірдей болады. Бұл заңда бар», - деді депутат. 



Еске сала кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық қор #балалар #қаражат #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.