ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бір түнде 14 см қар түсті

Бір түнде 14 см қар түсті

Әлеумет 08.01.2025, 10:28 712
Бір түнде 14 см қар түсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда 8 қаңтар түнгі 12-ден бастап жауған қар сағат 11:00-ге дейін жалғасады.

Алматыда 8 қаңтар түнгі 12-ден бастап жауған қар сағат 11:00-ге дейін жалғасады. 

Таңғы 9-дағы мәлімет бойынша қалада 14 см, Каменск үстіртінде – 22 см, Шымбұлақта – 20 см қар жауды. Жауын-шашын мөлшері 9 мм болып, айлық норманың (35 мм) 26%-ын қамтыды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта 475 арнайы техника мен 1 115 жұмысшы жұмылдырылды.

Қар жауа бастаған сәттен бастап 194 құмсепкіш техниканың күшімен көктайғаққа қарсы материал себіліп жатыр. 

Таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша 3 600 тонна материал пайдаланылды. Сағат 4:30-дан бастап жол патрульдік полиция көліктерінің бастап жүруімен қар күрейтін 25 техника колоннасы ұйымдастырылды.

Жанармай мен көктайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етуге байланысты қар жаууы тоқтағаннан кейін сағат 12:00-де қайтадан тазалау жұмыстары жоспарланған.

Жол жиектеріндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары басталды.

Көліктердің тұрақта тұрып қалмас үшін уақытша тұрақ «қалталарын» жартылай жабу тәжірибесі енгізілді, бұл қарды тез әрі сапалы шығаруға мүмкіндік береді.

75 шағын техниканың көмегімен тротуарлар, қоғамдық орындар, әлеуметтік маңызды нысандар, тұрақ «қалталары» тазалануда. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары да қолға алынған.

«Қазгидромет» РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0…-2 °С, ал 12:00-ден кейін -5…-7 °С-қа дейін төмендейді. Түнде -11…-13 °С болады. 13 қаңтарға дейін жауын-шашын болмайды. 

Мұз қату қаупіне байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмауға, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға және қар тазалау жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға көлік қоймауға кеңес беріледі.

Жаяу жүргіншілерге, әсіресе көру мүмкіндігі шектеулі және тайғақ жолдарда, жолдан өткенде сақ болу қажет.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,339 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.