Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол жүрісі қағидаларының 1 560 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 196 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын мас күйінде басқару – 9 дерек;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1 дерек;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 2 дерек;
* маневр жасау қағидаларын, оның ішінде қауіпті маневр жасауды («шашка») бұзу – 77 дерек;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 63 дерек;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 5 дерек;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 39 дерек.
Сонымен қатар, 42 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.